Жолдауда білім саласында толғандыратын бастамалар айтылды - «AMANAT» депутаты

Айжан Сәрсембаева балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылғанын атап өтті

Жолдауда білім саласында толғандыратын бастамалар айтылды - «AMANAT» депутаты

Атырау қалалық мәслихатына «AMANAT» партиясының атынан сайланған депутат Айжан Сәрсембаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы өңірде қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы Атырау облысында кеңінен насихатталып, талқыланып жатыр. Көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің осыған дейінгі тапсырмасы бойынша бірқатар іс атқарылды. Мысалы, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Мен өзім білім саласында балабақша басшысы болып жұмыс істегендіктен, мұндай бастамалар бізді қуантады. Осы айдан бастап тәрбиелешілердің жалақысы 30 пайызға өсейін деп отыр. Өңірде дәрігерлердің жалақысы да айтарлықтай көбейді», - дейді депутат.

Айжан Сәрсембаева атағандай, зейнетақы жинағының бір бөлігі беріліп, тұрғын үй алу мәселелері де реттелген.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынбақ. Ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Президент Жолдауында аталғандай, Ұлттық қор аясында жаңа жылдан бастап балалардың шотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан 8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. «AMANAT» партиясы тарапынан көптеген жоба іске асырылды. «Ауыл аманаты», жастарға берілетін мемлекеттік грант, «Қарызсыз қоғам» жобалары бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Жолдау стратегиялық маңызды құжат екенін әрбір азамат сезіне білуі керек. Ендігі кезекте біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның жақсы жүзеге асуына атсалысу міндеті тұр. «AMANAT» партиясының сайланған депутат ретінде осы мақсатты жүзеге асырудың алғы шебінде болу – біздің мақсатымыз. Жолауды таныстыру, кеңінен түсіндіру жұмыстары басталып кетті», - дейді Айжан Сәрсембаева.

Ол Жолдауда айтылған білім саласындағы бастамаларға тоқталды.

«Жолдауда білім саласында ата-ана мен педагогты толғандыратын мәселе ұлт болашағы -балалардың қауіпсіздігі, сол бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасында көрсетілген орта білім мен оқу орындарында инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасауды кеңінен қолға алу және бала қауіпсіздігі бағытында көптеген жұмыс атқарылатынына сенемін», - деді ол.

Айта кетейік, 1 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.