Қазақстанда қозғалтқышының көлемі шағын көлік иелері салықтан босатылуы мүмкін
Бұл жеңілдік жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеріледі
Қазақстанда қозғалтқышының көлемі шағын көлік иелері салықтан босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биыл Қазақстанда жанармай бағасы өсіп, көлік иелерінің шығыны артты. Ұлттық экономика министрлігі жүргізушілерді қолдау шарасы ретінде жеңілдік енгізуді қарастырып отыр.
«Бағаның қымбаттауы «эконом» санатты көлігі бар адамдар үшін айтарлықтай сезіледі. Сәйкесінше олардың әлеуметтік және материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет. Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын салықты сақтай отырып, қозғалтқышының көлемі кіші көлік құралдарына салынатын салықты жою ұсынылады», – деп жазылған Ұлттық экономика министрлігінің жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында.
Бұл жеңілдік жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеріледі.