08.09.2023, 11:40
Қоғам
Өскеменде көлігіне «Z» белгісін салған азамат кешірім сұрап, жазуды өшірді
Ол полицейдің ескертуінен кейін көлігінің сыртындағы жазуды өшіруге мәжбүр болды
Әлеуметтік желіде өскемендік азаматтың өз көлігіне ақ бояумен «Z» белгісін салып алған видеосы тарады, деп хабарлайлы Azattyq Ruhy.
Кадрлардан арандатушылықты тудырған жүргізушінің өз әрекетін оғаш деп санамайтынын байқауға болады.
Десе де, біраз уақыттан кейін ол белгіні өшіріп, кешірім сұрады.
Ер адам көлігіне «Z» белгісін салуын өз тегінің сол әріптен басталатынымен түсіндірді.
«Мен өз көлігімнің сыртына "Z" әріпін жазып қойдым. Себебі менің тегім Зиновьев. Көліктің есігін ауыстыруым керек болған кезде жазылған еді. Оны айырбастау ұзаққа созылды. Сол үшін де тұрып қалды. Қазір мен оны өшіріп тастадым», - деді Зиновьев.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды