$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2023, 11:50
Қоғам

«Мектеп үш ауысымды емес»: министрлік Көкшетауда үзілісте тапталған оқушыларға қатысты түсініктеме берді

Оқушылар арасында жапа шеккендер жоқ

«Мектеп үш ауысымды емес»: министрлік Көкшетауда үзілісте тапталған оқушыларға қатысты түсініктеме берді

Осыған дейін әлеуметтік желіде Көкшетаудағы №1 мектеп-гимназиясында оқушылардың тапталып қала жаздаған видеосы тараған еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видеодан мектеп дәлізінде тапталу кезінде оқушылар қысылып, бір-бірін итеріп жатқанын көруге болады.

Оқу-ағарту министрлігі мектепте мұндай жағдай не үшін болғанын түсіндірді.

«Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында екі ауысымда 2866 бала оқиды. Білім беру ұйымы үш ауысымның қатарына жатпайды. Сабақтар штаттық режимде өтуде. Әлеуметтік желілерде жарияланған роликтен кейін Ақмола облысының білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Бұл факт оқу сабақтары аяқталғаннан кейін, мектеп дәлізіне барлық сыныптар оқу кабинеттерінен бір уақытта шыққан кезде орын алғаны анықталды. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесі реттеді. Қажетті шараларды уақтылы қабылдамаған мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады олар.

Серіктес жаңалықтары