$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Меценат Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

 Сот отырысының қашан басталатыны әлі анықталған жоқ

Меценат Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Бірақ сот отырысының қашан басталатыны әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Осы жылдың 4 қыркүйегінде қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысының қай күні басталатыны белгісіз, яғни белгіленген жоқ»,- деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Дархан Ерланұлы.

Құқық қорғау органдары қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Ал кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген де қамауға алынды. Күдіктілерге қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды, жақықсыз адамдарды азаптады деген бірнеше айып тағылып отыр.

Авторы: Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары