$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2023, 15:21
Қоғам

Жолдауда еліміздегі қордаланған экономикалық мәселелерді шешудің нақты жолдары мен тың жоспары ұсынылды – сарапшы

Дәурен Базаров «AMANAT» партиясының халықтық жобалары жалғасатынын айтты

Жолдауда еліміздегі қордаланған экономикалық мәселелерді шешудің нақты жолдары мен тың жоспары ұсынылды – сарапшы

Мемлекет басшысының жуырдағы Жолдауында «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларының тиімділігі айтылды. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы аталған халықтық жобаларды кеңейтіп, жаңа реттеуші құралдарды құру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға белсенді түрде салыспақ. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының сарапшысы Дәурен Базаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруды еліміздегі саяси партиялар арасында бірінші болып қолға алды.

Жолдауда Президент «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» сияқты жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапқан жобаларға ерекше тоқталып, олардың елге қажеттігін атап өткен еді.

«Жолдауда Президент Қ.К. Тоқаев еліміздегі қордаланған экономикалық мәселелерді шешудің нақты жолдары мен тың жоспарын ұсынған болатын. Ауыз су мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, коммуналдық төлемдердің өсімі мен бағалардың тұрақсыздығы сияқты сұрақтар жұртшылықты көптен бері мазалап отырғандығы жасырын емес. Айтылған мәселелерді шешу мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен былтырдан бері бірқатар халықтық жобалар қолға алынған болатын. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы аталған халықтық жобаларды кеңейтіп, қолданыстағы заңнамаларды жетілдіріп, сондай-ақ жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған жаңа реттеуші құралдарды құру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға белсенді атсалысатындығын жеткізді. Осылайша елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалар халықтың әл-ауқатын одан әрі нығайтатын болады», - деді Дәурен Базаров.

Серіктес жаңалықтары