01.09.2023, 20:08
Қоғам
Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді
Жол апаты салдарынан 71 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды
Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға вокзал маңындағы алаңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, №19 автобустың 46 жастағы жүргізушісі реттелмейтін өткелде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан 71 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіні полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды