$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2020, 09:42
Қоғам

Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады

Карантин тәртібін бұзғандар айыппұл төлеп, қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Карантин режимін бұзғандарға қандай  жаза қарастырылады
Фото: polisia.kz

ҚР Әділет министрлігі карантин режимін бұзғандарға қатысты қарастырылатын айыппұлдар мен қылмыстық жауапкершілік түрлерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Карантин режимі шеңберінде жарияланған шектеу іс-шаралары тұрғындар мен меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті», – делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодекс шеңберінде мынадай әкімшілік жауапкершілік көзделеді:

- ескерту немесе 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл;

- немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу (ӘҚБтК-нің 476-бабы)

Сонымен қатар, азаматтар құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбағаны үшін мынадай жазаға тартылады (ӘҚБтК-нің 667-бабы):

- 106 мың теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;

- немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.

Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады:

- 5,3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;

- немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 379-бабы).

Барлық шектеу іс-шаралары уақытша және инфекцияның таралуын болдырмау үшін ғана қабылданып жатқанын айтып өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары