Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығында 152 адам тұрып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Орталықтың жұмысы штаттық режимде жалғасуда

Фото: today.kz

Алматыдағы  әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрақты тұрағы жоқ 152 адам тұрып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, аталған мекеме әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-медициналық қызметтерді толық көлемде әрі үздіксіз көрсетіп келеді. Енгізілген карантин біткенше қаңғыбастар  орталық аумағынан шыға алмайды. Шектеу қойылған.

«Тұрақты тұрағы жоқ азаматтарға  Көксай кентінен  арнайы ғимарат бөлінген. Белгілі тұрағы жоқ азаматтар бұл жерді карантин біткенге дейін паналай алады», - делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.