Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін кері қайтарды
Вокзалдарда карантин
Қазіргі кезде «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларына 3,6 млрд теңгенің жол жүру құжаттары өткізілді. 12 мен 26 наурызда қазақстандықтар 578 мың теміржол билеттерін қайтарды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметі хабарлайды.
«Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді қайтару туралы жарнама көрсетілуде. Сондай-ақ темір жол қызметкерлері бір бірінен екі метр қашықта тұруды сақтау қажеттігі туралы билет кассаларының жанында жолаушылармен әңгімелесулер жүргізіледі»,- делінген хабарламада.
Жолаушылар пойыздарында жолсеріктер міндетті түрде жолаушылар денсаулығы жағдайын сұрастырады, кесте бойынша вагондарда тазарту жүргізіледі және зарарсыздандыру тәртібі сақталады.
«2020 жылдың 19 наурызынан Нұр – Сұлтан мен Алматыда жарияланған карантинді есепке ала отырып, 22 наурыздан аталған екі қалада барлық бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылғаны белгілі»,- деп компания еске салады.
Қазіргі кезге дейін қазақстандықтар билеттерді қайтаруда екендігін назарға алсақ, екі мегаполис вокзалдарына кіру бір кіріс тобымен, онда да жолаушылар маска киюі қажеттігі жағдайында жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген уақыттан басқа перронға шығу толық жабық.
Нұр – Сұлтан мен Алматы қалалары вокзалдарында қоғамдық тамақтану пунктерін қосқанда, барлық сауда нысандары жабылған. Карантин мерзімінде жалға алушылармен келісім-шарт тоқтатылған.