«Өмір бақи кедейлік деген сөзбен күресіп келем»: отандық актриса жоқшылық жайлы айтты
Өнер иесін кішкентайынан ортасы кедей деп қабылдаған
Актриса Гүлшат Тутова Instagram парақшасында өзін кедей жерден шыққанын айтып, үнемі осы сөзбен күресіп жүргенінін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Кішкентай кезімнен «Cен – кедейсің» деген сөзді көп естіп өстім. Айналам «Сен кедейдің қызысың» дейтін. Келін болып түскенде, «Барақта тұратын кедей жердің қызын алдық» дейтін. Мен өмір бақи кедейлік деген сөзбен күресіп келем. Өмірдегі Алла бұйыртқан нәпақамды тауып келем. Актриса болсам, өмірім керемет болады деген арман осы күнге дейін жетелеп келеді. Шын жүректен шыққан арман адамға энергия береді екен. Энергия келсе, әрекет жасай бастайсың. Арманың орындалмай, энергияң таусылмайды екен. Мен бай, қуатты болам деп қатты армандадым. Әжем «Жас күніңде бейнет бер. Қартайғанда дәулет бер» деп айтып отыратын. Сол дәулетті аңсаймын. Мен осы сөзге қосыламын. Қазір ұялатын заман емес. Анам «Есектің артын жу да, дүние тап» деп айтып отыратын. Қазір кедей болшы, ешкімге керек емессің. Туған-туыс, дос-жаран бәрі сенен қашады. Бар болсаң ғана абыройың асқақтайды», - деп жазды Гүлшат Тутова.