29.08.2023, 23:02
Қоғам
Алматының Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйден тағы өрт шықты
Пәтердің асүйінде ауа сорғыш жанғаны белгілі болды
Фото: ТЖД
Алматының Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйден тағы өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қаланың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 19:29-да 101 пультіне Алматының Алатау ауданы Ақкент шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабатта өрт шыққаны турал хабар түскен.
Пәтердің асүйінде ауа сорғыш жанғаны белгілі болды. Өрт сағат 19:49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, 2023 жылғы 1 тамызда Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды