Алматыда тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға Көксай кентінен ғимарат берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Карантин кезінде олар бақылауда болады

Бүгінде Алматыдағы Әлеуметтік бейімдеу орталығын тұрғылықты жері жоқ 152 тұрғын паналайды. Орталықтың жұмысы штаттық режимде жалғасуда, деп хабарлайды әкімдік.

«Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, аталған мекеме әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-медициналық қызметтерді толық көлемде әрі үздіксіз көрсетіп келеді. Енгізілген карантинге байланысты қызмет алушылардың орталық аумағынан шығуына шектеу қойылды», - делінген ақпаратта.

Бүгінде тұрағы жоқ азаматтардан өтініш түспеген. Десе де, барлық жағдай бақылауда. Тұрағы жоқ азаматтар үшін Көксай кентінде арнайы ғимарат бөлінді. Тұрақты мекен-жайы жоқ азаматтар бұл жерді карантин біткенге дейін паналай алады.