Қостанай облысында көпіршік кешінде 9 жастағы қызды тоқ соқты

Azattyq Rýhy

Бұл дерекке қатысты Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді

Қостанай облысында көпіршік кешінде 9 жастағы қызды тоқ соқты
Фото: yarnovosti.com

Полиция департаменітнің мәліметінше, көпіршік кешінде кәмелетке толмаған баланы тоқ соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеуді бастады. 25 тамызда Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қызды тоқ соққан. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.  

Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүріп жатқанын, қажет сараптама тағайындалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.