$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жақсыбек Құлекеев жаңа қызметке сайланды

Оқу-ағарту министрлігі жанынан Ардагерлер кеңесі құрылды

Жақсыбек Құлекеев жаңа қызметке сайланды
Фото: egemen.kz

Жақсыбек Құлекеев жаңа қызметке сайланды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан республикалық тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Күні кеше отандық білім беру саласына еңбегі сіңген, беделді азаматтардың басын қосып, Министрлік жанынан республикалық Ардагерлер Кеңесін құрдық. Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі нәтижесінде әріптесім, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы төраға болып сайланды», - деді Ғ. Бейсембаев.

Осы орайда министр мұндай кеңестер мектептен облысқа дейін елдің әр өңірінде құрылуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, министр мұғалімдердің 63 пайызы жаңа жүйе аясында негізгі жалақыға қосымша ақы алып жатқанын жеткізді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес барлық педагогтердің еңбек жағдайлары жақсарды. «Педагог» кәсіби стандарты педагогтың үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етеді. Оның негізінде педагогтарға, аттестаттауға және біліктілікті арттыру жүйесіне қойылатын талаптар қайта қаралады. Еліміздің 620 педагогы 2012 жылдан бастап «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы атанды және оның нәтижесі бойынша 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп педагогтарының жалақысы тағы 25 пайызға өсті. Қазір 217 мың (63%) мұғалім жаңа жүйемен аттестаттау қорытындысы бойынша негізгі жалақыға қосымша ақы алады», - деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетерлігі, Жақсылық Құлекеев әр жылдары Ұлттық статистика агенттігінің төрағасы, Экономика министрі, Экономика және сауда министрі, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Білім және ғылым министрі лауазымдарын атқарған.

Авторы: Сымбат Ғалымжан 

Серіктес жаңалықтары