$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2023, 06:17
Қоғам

«Күлімсі иіс күнкөрісті қиындатты»: Алматы маңындағы ауылдың айналасы қоқысқа толып кеткен

Елде 4 мыңнан аса заңсыз қоқыс даласы анықталған

«Күлімсі иіс күнкөрісті қиындатты»: Алматы маңындағы ауылдың айналасы қоқысқа толып кеткен
Фото: almaty.tv

«Күлімсі иіс күнкөрісті қиындатты». Алматы облысындағы Әйтей ауылының маңы қоқысқа толып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Тұрмыстық қалдық жайылған дала Алматы-Бішкек тасжолына жақын жатыр. Ал келесі бұрылыс 30 мыңнан астам халқы бар Әйтей ауылдық округіне апарады. Ондағы тұрғындар «онсыз да 1 қоқыс полигоны бар еді, екіншісі пайда болғалы жағдай одан әрі қиындай түсті» деп шағымданып отыр.  

«Қоқыс қабылдайтын орынды адам тұрмайтын жерден неге таңдамайды? Кішкене жел соқса болды, өлексенің иісі келеді. Мүмкін емес. Балаларымыз сол иіспен өмір сүріп жүр», – деді Әйтей ауылының тұрғыны Светлана Халилова.

Жергілікті билік өкілдері «бұл мәселе бойынша тиісті жұмыс жүргіздік» дейді. Алайда бүгінде жүк көліктері әлгі аумаққа емін-еркін кіріп, еш кедергісіз, тиеген қоқысын төгіп кетіп жатыр.

«Жер жекеменшік. «Сервис Дарын» ЖШС жұмысын атқарып жатыр. Осы тарапта түсініктеме қағаз алынып, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге Алматы облысы Экология департаментіне хат жолданған. Әлі хабар алған жоқпыз», – деді Әйтей ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Елзат Әбдіқұл.

Әкімдік өкілі құзыретті басқармаларға 3 рет хат жолданғанын, соңғысы кеше ғана жіберілгенін айтты. Экология министрлігінің дерегінше, биыл елде 4 мыңнан аса заңсыз қоқыс даласы анықталған. Оның 1000-нан астамы жойылған.

Серіктес жаңалықтары