$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2023, 21:50
Қоғам

«Талапқа сай жұмыс істемеген»: медициналық мекемелерге 629 млн теңге айыппұл салынды

Жыл басынан бері Алматыда 95 мың медициналық қызмет түрлі кемшіліктермен көрсетілген

«Талапқа сай жұмыс істемеген»: медициналық мекемелерге 629 млн теңге айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Медициналық сақтандыру қоры талапқа сай жұмыс істемеген мекемелерге 629 миллион теңге айыппұл салды. Қор мамандары стационарлар медициналық қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бірден хабарлауды сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Алматыда 95 мың медициналық қызмет түрлі кемшіліктермен көрсетілген. Мәселен, дәрігерлер емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқыған. Сондай-ақ медициналық құжаттарды дұрыс толтырмай, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарды жіберген. Тіпті, 10 миллион теңгеге «көрсетілді» деп жазылған көмектің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар болып шықты.

«Егер пациентке қажетті көмек көрсетуден бас тартылса, онда олар әр медициналық ұйымда құрылған пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Егер мұнымен де мәселе шешілмесе, онда азамат 1414 бірыңғай байланыс орталығына немесе медсақтандыру қорының арнайы сайтына жүгінуі керек. Содан кейін қор мамандары сұрақты шешуге кіріседі. Бір нәрсені ескеру керек, шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда емделушінің медсақтандырудан өткені маңызды емес. Ал егер жоспарлы ем-дом болса, диагностикалық тексерулерді күту мерзімі 10 күннен аспауы тиіс», - дейді Медициналық сақтандыру қоры алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Серіктес жаңалықтары