$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.08.2023, 09:40
Қоғам

Жаңаөзендегі ана өлімі: жұмысына салғырт қараған дәрігерлерге қатаң сөгіс берілді

Марқұмның туыстары оларды жұмысына салғырттық танытты деп айыптаған болатын

Жаңаөзенде жас босанған әйелдің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Марқұмның туыстары жұмысына салғырттық танытты деп айыптаған екі дәрігер қатаң сөгіс алғанымен, жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Серік Асқаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz жазуынша, ауруханасының директорының айтуынша, жас босанған ана – 32 жастағы Бибі Қуанованың өліміне байланысты екі дәрігер сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Қазір тергеу аяқталмағандықтан, олар өз орнында қалды. Соңғы шешімді науқас өлімінің мән-жайын анықтауға жауапты комиссия қабылдайды. Тексерудің қосымша нәтижелері кейінірек жарияланады», - деді Серік Асқаров.

Ол сондай-ақ Бибі Қуанова ауруханаға түскен күні түсірілген видеоға қатысты да пікір білдірді. Кадрлардан ауруханадағы лифт жұмыс істемей тұрғандықтан әйелді санитарлардан өзге, туыстары да зембілмен көтеріп келе жатқанын көруге болады.

«Сол күні электр қуатын беруде ақаулар болғандықтан, лифт 5-10 минуттай жұмыс істемеді. Содан кейін лифт қайта жұмыс істей бастады», - деді аурухана басшысы.

Айта кетсек, марқұм 32 жастағы Бибі Қуанованың анасы Анаргүл Қуанова Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасының гинекология бөлімінің дәрігерлерін сотқа бергісі келетінін айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Ол дәрігерлердің салғырттығын, соның салдарынан қызы қайтыс болғанын айтады.

Серіктес жаңалықтары