Шымкент қаласындағы науқастың денсаулық жағдайы
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтырған екінші науқас 1970 жылғы туған әйел адам. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
«Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық. Коронавирус инфекциясының диагностикасымен мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде. Бүгін диагнозы расталған азаматша, кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализдері алынып, 25-наурыз күні оң нәтиже берді»,- деп хабарлайды әкімдік.
Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 80 адамға жетті.