Елорданың қай ауданында мектеп тапшы

Аягөз Құрмаш

Астананың екі ауданында мектеп тапшы

Елорданың қай ауданында мектеп тапшы
Фото ашық дереккөзден

Елорданың коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мектеп тапшылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Астанада мектеп жетіспеушілігі бар екенін бәріміз білеміз. Қазіргі таңда мектептерде 26 мыңнан астам орынға тапшылық бар. Басым көпшілігі Есіл және Нұра аудандарында. Биыл 11 мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Соның үшеуі оқу жылының басына дейін қолданысқа беріледі. Ал қалған 8 мектеп жылдың аяғына дейін тапсырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 90 мың орынға 24 мектеп салып жатырмыз. Сол кезде осы орын тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі. Есіл мен Нұра аудандарында жетіспеушілік қатты сезілетіндіктен, осы аудандарда 15 жайлы мектеп салынады. Оның 6-уы Есіл ауданында, қалғаны Нұра ауданында, - деп түсіндірді Қасымхан Сенғазыев брифингте.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.