16.08.2023, 05:46
Қоғам
Астана тұрғынының ақшасын алдап қалтасына басқан күдікті ұсталды
Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: kaz.zakon.kz
Астанада техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері клиентті алдап соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға елорда тұрғыны арызданып, белгісіз ер адамның автокөлікті қысқа мерзімде жөндеп беремін деп, ақшасын алғанын айтқан.
Тергеу барысында техникалық қызмет көрсету станциясының 35 жастағы қызметкері клиенттің сеніміне кіріп, ақшасын алып, өз жұмысын орындамағаны анықталды.
Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты пайдаланып, қаскөй жұмыстан шығып кеткен. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)