Риддер жылу орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жартылай аяқталды

Azattyq Rýhy

Кестеден кешігу жоқ

Риддер жылу орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жартылай аяқталды
Фото: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жартылай аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддер жылу электр орталығындағы барлық алты қазандық жөндеуден өтуде. Оның үшеуі қыркүйек айының соңында, қалғандары қазан айында дайын болады.

Қазандықтар температуралық режимге сәйкес біртіндеп пайдалануға беріліп, күн суығанда толық қуатта жұмыс істейді деп жоспарлануда.

«ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысы әкімдік пен тұрғындардың бақылауында. Бүгінде жұмыстар 49%-ға аяқталды. Сол жерге 9 кәсіпорынның 400-ге жуық адамы жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.

№1 қазандықтың дайындығы 65,7%, №2 – 47,3%, №4 – 43,6%. Қалған үш қазандықтың жартысына жуығы жөнделді. Кестеден кешігу жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.