$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2023, 12:13
Қоғам

Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінтуге қатысты пікір білдірді

Ол полиция қызметін дұрыс атқармаса, кешірім сұрауға дайын екенін айтты

Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінтуге қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Үкіметтің кулуарында полиция қызметкерлерінің журналист Сандуғаш Дүйсенованы шешіндіріп тінтуіне қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Біздің қызметкерлердің іс-әрекеттерінің заңдылығын прокурорлар, одан кейін сот тексереді. Сол жерде кемшілік анықталып, қызметкерлеріміз міндеттерін дұрыс атқармаса, сот үкімі шыққаннан кейін кешірім сұрауға дайынбыз», - деді Марат Қожаев.

Оның айтуынша, журналисті тінту кезінде ер адам болмаған.

«Қылмыстық істі жүргізу кодексінің жүргізу талаптары бойынша ол іс-шаралар жүргізілген. Оның заңдылығын прокурорлар тексеруге мүмкіндігі бар. Іс жүргізіліп жатқан кезде тінту барысында жанында қорғаушысы болды. Қорғаушысының сөзі бойынша ашық деректе ешқандай ақпарат айтылмады. Журналист неге ойлай деп айтқанын білмеймін, дегенмен мен тінту барысында ер адам болды деген ақпаратты оқыған жоқпын», - деді Қожаев.

Еске салсақ, 11 тамызда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді. Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандарға жаза қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары