Гүл дүкеніндегі жағдай: Бұзақы полицейдің жанындағы лауазымды қызметкер қатаң сөгіс алды

Azattyq Rýhy

Шымкентте гүл сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адамның кім екені анықталды

Гүл дүкеніндегі жағдай: Бұзақы полицейдің жанындағы лауазымды қызметкер қатаң сөгіс алды

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкентте гүл сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адам Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мемлекеттік қызметкердің құқық бұзушының қасында бірге жүргенін көруге болады.

«Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес Д.Елқондыға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану мақсатында материалдар Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына жолданды. Нәтижесінде департамент басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Д.Елқондыға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды» делінген Шымкент қаласы бойынша мемкірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.