$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2023, 16:45
Қоғам

Алдағы уақытта елордада сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 3-5 есеге қымбаттамақ

Ұсынылған ақпаратқа қарағанда су құбырын жобалауды шамамен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр

Алдағы уақытта елордада сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 3-5 есеге қымбаттамақ
Фото: inform.kz

Таяу 5 жылда елордада сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 3-5 есеге қымбаттауы мүмкін. Бұл жайында Астана қаласының әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Елорда әкімдігі 2035 жылға дейінгі келешекте қажетті көлемде тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Сәтбаев каналынан үшінші Сорғы-сүзгі стансаға дейін берілетін су құбырын салу мәселесін қарастыруда. Осы жоба бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын 2024 жылы бастау жоспарланған. Қажетті қаражат көлемі мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жобасынан өткеннен кейін айқындалатын болады», - деді әкімдік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ұсынылған ақпаратқа қарағанда су құбырын жобалауды шамамен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің баламалы жолдарының бірі - халық үшін сумен жабдықтау қызметтеріне тарифті таяудағы 5 жылда орта есеппен 3-5 есеге арттыру. Бұл жол елорда тұрғындарының ауыз суды үнемді және ұқыпты пайдалануына ықпал ететін болады. Сонымен қатар, бұл тұрғын үйлер мен пәтерлерде суды үнемдейтін сантехникалық құрылғыларды орнатуға және пайдалануға әкеледі», - деп нақтылайды әкімдіктен.

 

Серіктес жаңалықтары