10.08.2023, 21:50
Қоғам
Алматыда пәтерлерді туыстарына арзанға сатқан шенеунік сотталды
Ол Үкіметке 388 миллион теңге залал келтірген
Фото ашық дереккөзден
«Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» серіктестігінің директоры Руджан Байтасов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Ол мемлекеттік пәтерлерді өзінің туысқандары мен таныстарына арзан бағаға сатқаны үшін істі болды. Медеу аудандық №2 сотының материалына сәйкес Байтасов 23 мемлекеттік пәтерді сатып жіберген. Осылайша, Үкіметке 388 миллион теңге залал келтірген. Сондай-ақ сот оның мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдары мен квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметте істеуіне тыйым салды. Дегенмен айыпталушы апелляциялық шағым түсірген. Іс қалалық соттың қарауына жіберілді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды