«Қарасора» операциясы: заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Екі ай ішінде республика бойынша 678 есірткі қылмысы тіркелді

1 маусымнан бастап республика аумағында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол есірткіні өсіруге, дайындауға және өткізуге қарсы бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі айда полицейлер 678 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 299 өткізу фактісі, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 126 фактісі, есірткіні тұтыну үшін притонды ұстаудың 2 фактісі.

«Заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 67 кг героин, 1 тонна 175 кг марихуана, 94 кг гашиш және 23,7 кг синтетика тәркіленді», – деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Тегтер: