$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2023, 17:23
Қоғам

Мәсімов ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Сот ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің інісіне қатысты үкім шығарды

Мәсімов ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Павлодар облысы ПБ бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов және кәсіпкер Евгений Евковичке бүгін үкім шықты.

Нұрлан Мәсімовке 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, оны полиция генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсыныс дайындалды. Оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер колонияға 7 жылға жіберілді.

Айта кетейік, 2022 жылы 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді. Сол жылы маусымда Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған болатын. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілдеде ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресей шекарасының маңында ұстады.

Серіктес жаңалықтары