$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2023, 14:45
Қоғам

Республикада тырысқақ ауруы тіркелген жоқ – ҚР ДСМ

Соңғы 3 жылда бұл дерт тіркелмеген

Республикада тырысқақ ауруы тіркелген жоқ – ҚР ДСМ

7 айда республика халқы арасында 25 нозология, оның ішінде тырысқақ, оба, паратифтер, іш сүзегі, туляремия, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, құтыру, безгек, висцералдық лейшманиоз, пастереллез бойынша ауру жағдайлары тіркелмеген.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39 инфекциялық нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде ботулизм 45%-ға, ротавирустық энтерит 25%-ға, есекжем 9%-ға, сальмонеллез 12%-ға, туберкулез 6%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

 Республикада соңғы 3 жылда тырысқақ ауруы және соңғы 10 жылдың ішінде жергілікті жағдайлар болған жоқ, дегенмен ДДҰ мәліметтері бойынша 2023 жылы әлемде көрсеткіштер бірнеше жыл төмендегеннен кейін тырысқақтан сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің күрт өсуі байқалады.

Тырысқақ инфекциясы тырысқақ вибрион жұқтырған суды тұтынған кезде, оны қолды, көкөністерді, жемістерді, ыдыстарды, тұрмыстық заттарды жууға, шомылуға және т. б. қолданған кезде пайда болады.

"Осыған байланысты тырысқақ бойынша эндемиялық елдерге барған кезде жеке гигиена ережелерін сақтау, ішу үшін бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану қажет, денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда дәрігерге қаралу қажет", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Серіктес жаңалықтары