$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.08.2023, 12:35
Қоғам

«Екінші Димаш»: Жас әнші дауысымен елді тамсандырды

Ол күрделі ноталы әндерді орындауымен көзге түсті

«Екінші Димаш»: Жас әнші дауысымен елді тамсандырды

Әлеуметтік желіде Сәкен Әлімханов атты азаматтың өнері қызу талқыланып жатыр. Тыңдармандар оны Димаш Құдайбергенмен салыстырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шемонайха ауданының 95 жылдығына арналған концертте Сәкен Әлімханов ресейлік композитор Игорь Крутойдың «Қалжыраған аққулардың махаббаты» (Любовь уставщих лебедей) әнін орындайды. Бұл әнді әнші Димаш Құдайберген айтқан еді. Димаш секілді Сәкен де ноталы күрделі әнді нақышына салып орындайды.

«Керемет Сәкен Мырза! Бұл Игорь Крутойдың әнін ең алғашқы орындаған Лара Фабиан француз әншісі, ондан кейін Димаш Құдайберген. Енді міне осы ән Сізгеде өз берекесін шаттығын Алланың көмегімен нұрын төксін Сәкен Мырза тілектеспіз! Дұрыс екен өсу керек өну керек ізденіс болу керек, тамашааааа, Браво», - деп жазды оқырман.

Серіктес жаңалықтары