Ресми мәлімдеме
Әлеуметтік желілерде белгілі бизнесмен Патох Шадиев Өзбекстанға коронавируспен күрес үшін 200 млн доллар ақша аударады деген ақпарат тараған еді. Бүгін Шодиев Халықаралық қоры (ICF) аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
«Шодиев Халықаралық қоры (ICF) кей әлеуметтік желі қолданушылары жазғандай, Патох Шадиев мырза коронавируспен күрес үшін Өзбекстанға 200 млн АҚШ долларын аударады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдейді», - делінген қордың хатында.
Айта кетсек, Шодиев Халықаралық қоры - 1996 жылы кәсіпкер Патох Шадиев құрған үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы. Ол ТМД, Азия, Еуропа елдерінде қайырымдылық шараларымен айналысады. Ал Патох Шадиев қазір Қазақстандағы ERG компаниясының еншілес иесі.