Коронавируспен күреске бір күндік жалақы аударуға ешкім міндеттелмеуі тиіс - «Nur Otan»
Мұндай жағдайда партияға шағымдануға болады
Еліміздегі бюджеттік мекемелер өз қызметкерлерін коронавируспен күрес үшін бір күндік жалақыларын аударуға мәжбүрлеген. «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев партия атына жұмысшылардан осындай шағымдар келіп жатқанын хабарлады.
«Nur Otan партиясы мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы. Керісінше, дәл қазіргідей қиын жағдайда бастарын қатерге тігіп, алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлерге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ, жұмыстарын қашықтан істеуді жалғастырып жатқан мұғалімдерге қолдау көрсету қажет», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Ол коронавирус салдарымен күреске қаржы тек ерікті түрде аударылатынын еске салды.
«Коронавируспен бірлесіп күресу үшн қаражат жинауға тек ірі бизнес өкілдері ғана шақырылды. Оның ішінде, көмек қолын созуға өздері ниет білдірген, ең бастысы, оған қаржылай мүмкіндігі барлар ғана жұмылдырылды», - деді ол бұған қатысты.
Егер сіз жұмыс беруші тарапынан осындай заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, төменде көрсетілген байланыс номерлері және әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы «Nur Otan» партиясына хабарлассаңыз болады.
????-??????: 8 800 080 44 41
?????: komek@nurotan.kz
????????: 8 700 800 44 41
????????: https://www.facebook.com/profile.php?id=100034706720426
?????????: https://www.instagram.com/halykkakomek/