«Әйел есін жимастан көз жұмды»: Шымкентте анасы мен қызын қағып кеткен полицей қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасады.

Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылды.  Қазір ол УҰИ-ға қамалды.

Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады.

Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.