Одан телефон мен екі SIM-карта табылды
БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, алаяқтық жасағаны үшін түрмеде отырған жазасын өтеушінің тағы бір қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
«29 маусым күні белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне қызы басқа нөмірден хат жазып жатқандығы жайлы және лимиттік карталарда қарыздары барын хабарлаған. Осылайша, ол жәбірленушінің банктік картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденеді. БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді күдіктіні әшкереледі. Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Ол қылмыстық әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
ҚАЖД тыйым салынған заттарды өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, мекемелер ішіндегі ұялы телефондарды тәркілеу, ұялы байланыс арқылы арнайы контингент жасаған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.