$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2023, 13:02
Қоғам

Маңғыстаудағы кен орнындағы өрт: жаңа деректер белгілі болды

Қазір тұрғындар үшін қауіп жоқ

Маңғыстаудағы кен орнындағы өрт: жаңа деректер белгілі болды

2023 жылы 9 маусымда Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кенорнында болған өрттен кейін барлық қолда бар ресурстар жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өрт салдарын жою үшін «Бозашы мұнай» ЖШС, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің «Ақ Берен» Маңғыстау облыстық филиалы, «Өртке қарсы қызмет & Fare Safety» ЖШС және басқа да компаниялардың басшылығынан қүрылған Штаб құрылды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ халықаралық Halliburton және Schlumberger компанияларымен кеңесу барысында апатты жоюдың түрлі тәсілдері қарастырылды.

«№303 ұңғымадағы апатты жою ағып жатқан газдың жануы және басқа да жағдайларға байланысты техникалық тұрғыда күрделі болып табылады. Егжей-тегжейлі талдаудан кейін №303 жанып жатқан ұңғымаға қысымды төмендету үшін №305 бағыттамалы ұңғыманы бұрғылау туралы шешім қабылданды.Мамандар жағдайды мұқият бағалап, қазіргі уақытта тұрғындар үшін қауіп жоқ екенін растайды. Сонымен қатар, атмосфералық ауаны жүйелі түрде өлшеу жүргізіледі. Кенорын елді мекендерден едәуір қашықтықта орналасқан: Ақтаудан 350 шақырым және жақын маңдағы Шебір елді мекенінен 70 шақырым», - деп хабарлады ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Айта кету керек, кен орнында барлау жұмыстарын «Бозашы мұнай» компаниясы жүргізеді. Өрт кезінде бұрғылау жұмыстары жүргізілді, оның барысында газ-су қоспасы бөлініп, тұтану орын алды. Мердігер компанияның барлық қызметкерлері дереу эвакуацияланды. Газ өндіру жұмыстары жүргізілмегеніне қарамастан, «Бозашы мұнай» компаниясы заңға сәйкес апатты жою бойынша барлық шығындарды өз мойнына алып отыр.

Серіктес жаңалықтары