$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2023, 14:01
Қоғам

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерге айыппұл салынды

Олар рейд кезінде анықталған

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерге айыппұл салынды

Ертіс аудандық полиция бөлімінің көші-қон полициясының қызметкерлері заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматын анықтады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Олар Қазақстанға келген кезде уақытша тіркелмеген және тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Шетелдік азаматтарға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды», – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің аға инспекторы Бақыт Ермекпаева.

Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді. Сотта ер адамдар тіркелуді ұмытып кеткендерін түсіндіріп, өз кінәсін мойындады.

Ертіс аудандық сотының қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматтары әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

 Жыл басынан бері Павлодар облысында шетелдік тұлғалардың немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының Халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын бұзуының 670 фактісі анықталды. Полицейлер азаматтарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары