Қарағандыда қашып кеткен сотталушы ұсталды
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған болып шықты
31 шілде №31 мекеменің (қауіпсіздігі орташа) әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталған қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес сотталған мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізген.
Жедел-іздестіру шараларының барысында бірнеше сағат ішінде қашып кеткен сотталғанды жедел қызметкерлер ұстаған.
«Қарағанды облысының ПД ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойыншасотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етлмейді. Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады. 29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған», - деп хабарлады Polisia.kz.