02.08.2023, 12:45
Қоғам
Министрлік СҚО-дағы жазатайым оқиғаны тексеру үшін комиссия құрды
Оқиғаның себептері анықталады
ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы адам шығыны орын алған жазатайым оқиғаны тергеу үшін облыстың мемлекеттік еңбек инспекторының басшылығымен арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жазатайым оқиға 2023 жылдың 1 тамызында «EMC Agro» ЖШС-де болды.
Кәсіпорын басшылығы жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін төрт қызметкер шошқа кешенінің аумағынан шықпағанын анықтады. Оларды іздеу барысында шошқа кешені өндірісінің қалдықтарын жинауға және айдауға арналған кәріз құдығынан 4 қызметкердің мәйіті табылды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып, қосымша хабарланатын болады.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты