01.08.2023, 23:41
Қоғам
Қостанайда бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда көз жұмды
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты. Қайғылы оқиға «Қостанай-Введенка» тасжолында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Astana TV-ға сілтеме жасап.
«Мерседес» көлігін мінген 28 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ жеңіл көлігінде отырған 32 жастағы жүргізуші, 29 жастағы әйелі, 8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды