ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды

Нұр-Сұлтанға кіре алмаған 980 көлік кері қайтты

Қалаға кіруге шектеу қойылған

Ақмола полицейлері елорда айналасындағы блок-бекеттерде шамамен 10 800 көлік құралын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап Ішкі істер министрінің, Департаменттің патрульдік полиция батальонының тапсырмасы бойынша Ақмола облысының 30 шақырым радиустағы Нұр-Сұлтан қаласының автожолдарында барлық бағыттарда автокөліктің кіруі мен шығуын шектеу, карантиндік аймақтың периметріне кіретін азаматтарды тексеру мен сүзу үшін 15 қосымша мобильді бекет қойылған.

«Блок-бекеттерде тәулік бойы 100-ден астам полицей қызмет атқарады. Енгізілген шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пандемияның басқа қалалар мен елді мекендерге таралуын тоқтату үшін қажет. Полиция қызметкерлері блок-бекеттерде көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушылары арасында карантин режимін енгізу шарттары мен азаматтардың міндеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», -делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, патрульдік экипаждар сауда желілері мен азық-түлік дүкендерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін елордаға бірінші кезекте қажетті азық-тауарлар, оның ішінде азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер жеткізетін көлік үшін «жасыл дәліз» қамтамасыз етеді.

«Төрт күн ішінде блок – бекеттерге түсетін полиция қызметкерлері 10 841 бірлік көлік құралдарын, оның ішінде 8 182 жеңіл автокөлікті, 2626 жүк көлігін және 33 жолаушы көлігін тексерді. Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды тіркеу мекен-жайын анықтау үшін ведомстволық деректер базасы бойынша тексереді. Осындай тексерулердің нәтижесі бойынша 980 көлік құралы үшін елордаға кіру шектелді»,- жазады сайт.

Блок-бекеттерде тәртіп бұзу тіркелген жоқ.