Бір тәулікте мыңнан астам қазақстандақ елге оралды
Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға ұшып келген азаматтардың бәрі оқшаулаунып, коронавирус тестінен өтеді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, 22 наурыз күні 6 рейспен 596 азамат жеткен.
«Бұл – Дубай, Токио, Минск, Мәскеу, Лондон, Стамбул қалаларынан келген ұшақтар. Ондағы 577 адам коронавирус бар-жоқтығына тексерілу үшін карантиндік стационарға жатқызылды. Анализ қорытындысы дұрыс болса, үй карантиніне жіберіледі, вирус табылса инфекциялық стационарға ауыстыралы», - деді С.Қисықова.
Ал 12 адамды әуежайдан бірден провизорлық стационарға жіберген. Себебі – олар «1А» санатындағы елдерден келген. 7 елшілік қызметкері үй карантинінде.
«Біз әуе жолымен жеткен қала қонақтары мен тұрғындарына коронавирус инфекциясының бар-жоқтығын анықтайтын тексеруден өтпей Нұр-Сұлтанға кіре алмайтынын ескертеміз», - деді дәрігер.