Kesh You тобында болған әнші өнермен қош айтысқанын мойындады

Автор: Azattyq Rýhy

Айдана Меденова біраз уақыттан бері хиджаб тағып, дін жолына түскендердің бірі

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен «Kesh You» тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденованың хиджап киіп, мұсылмандыққа бет бұрғанына біраз болған. Алайда ол әлеуметтік желіде белсенді. Ол өз парақшасындағылардың сауалына жауап беруді жөн көріпті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айдана Меденованың парақшасына тіркелушілердің бірі: «Енді ән айтпайсыз ба?» деген сұрақты алға тартыпты.

«Жоқ, ең қызығы, тіпті әнді тыңдамаймын да. Жалпы, басында маған қиын болады деп ойлағанмын. Сөйтсем, керісінше, Алла маған жеңілдік сыйлады. Өзіммен өзім еш қиналмастан музыкадан жырақтап кете бардым. Алла ұлық, ниетіңе қарай, бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады екен», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Тегтер: