$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2023, 18:01
Қоғам

Павлодарда обырмен ауыратындардың саны артқан

Биылдың алты айында обырдан облыста 3682 науқас емделген

Павлодарда обырмен ауыратындардың саны артқан

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышева облыстағы обырдың жағдайы туралы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Өткен жылы осы кезеңде бізде 3000 науқас болған еді. Биыл 682 адамға өсім байқалады. Жыл басынан бері 6 ай ішіндегі сүт безі обырының скринингі кезінде қатерлі ісіктің 34 жағдайы анықталды. Павлодар облысында емхана ұйымдарымен жемісті жұмыстың нәтижесінде онкологиялық аурулардың ерте анықтау 30,7% - ға дейін өсті»,–деді Айгүл Мұқышева.

 Облыстық онкологиялық диспансердің онколог- дәрігері Ернұр Негманов жергілікті тұрғындарда ауыр дерттің ерте кезеңдерде жиі анықтай бастағанын жеткізді.

«Аймағымызда обыр дертіне шалдықан науқастар саны артып келеді. Бұған адамдардың тексеріске жиі баратыны себепші болды деп ойлаймын. Бұрынғы кезбен салыстырғанда дертті бастапқы сатысында анықтап жатырмыз,-дейді Ернұр Негманов.

 Айта кетер жайт, онкологиялық диспансерде ахуалдық орталық жұмыс істейді. Мұнда қатерлі ісікке күдік пайда болған жағдайда, пациенттің емхана медициналық ұйымның тексеру кабинетінен бастап, онкодиспансерде диагноздың расталуы не жоққа шығарылуына дейін «Жасыл дәліз» бойынша толық маршруты қадағаланады.

Серіктес жаңалықтары