$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2023, 11:31
Қоғам

«Шикі сүт тапшы»: отандық фермерлер дабыл қағып жатыр

Сүт тапшылығы барлық өңірде байқалып отыр

«Шикі сүт тапшы»: отандық фермерлер дабыл қағып жатыр

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында АӨК комитетінің кезекті отырысында шикі сүттің тапшылығы проблемасы көтерілді. Қазір өңірде қайта өңдеу кәсіпорындарында шикі сүттің жеткіліксіздігі жоғары болып отыр. Жиында өндірістің барлық көрсеткішінің өсуіне қарамастан, сүт өнімдерін өндірушілер таза сүттің үлкен тапшылығы барын атап өтті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Кәсіпкерлердің  айтуынша, бұл жағдай өндірістерді құрғақ сүт және Ресейден шикізат алдыртуға тәуелді етеді.

 «Өңірде жағдай реттелмесе, онда сүт өндірушілер өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болады. Тіпті кейбір компания жұмысты тоқтатып, жабылып қалуы да ықтимал. Сүттің тапшылығы біздің өңірде ғана емес бүкіл Қазақстан бойынша байқалып жатыр»,– деді комитет төрағасы, «Қазақстан фермерлері одағы» РҚБ төрағасы Игорь Жабяк.

«NBK-A» ЖШС директоры Сәуле Жанкина қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы туралы айтты. Қазіргі кезде компания шикізаттың саны мен сапасына қатысты қиындықтарға тап болды. Сапа мен баға қатынысы сәйкес келмейді.

 «Жағдайды үш проблемаға бөлер едім. Атап айтқанда сүт көлемі, оның сапасы мен шикі сүттің бағасы. Саны туралы айтатын болсақ, кейінгі бес жылда шаруа қожалықтардан келетін сүт көлемі төмендеп келеді. Өңірде ауыл шауашылығы өндірушілердің саны артқанмен сүт көлемі күрт төмендеген. Бүгінгі таңда зауытымыздағы жүктеме 70 пайыздан аспайды. Дегенмен біз сүтті көбірек қабылдай аламыз. Қазір мүмкін болатын 80 тонна орнына 42-45 тонна қабылдайды», – деді «NBK-A» ЖШС директоры Сәуле Жанкина.

Кәсіпкерлердің айтуынша, шикі сүттің жеткіліксіздігін техникалық регламент бойынша пайдалануға рұқсат етілген құрғақ сүтпен алмастыруға тура келеді. Сонымен қатар, табиғи шикізаттың жетіспеушілігі тіпті жазда да құрғақ сүтпен алмастырылады. Ал құрғақ сүт шетелден әкелінеді, отандық кәсіпкерлер көрші ел белгілеген бағаларға тәуелді болады.

 «Қазір жағдай тұрақты, өйткені Ресейде сүт көп, сондықтан баға төмендеп кетті. Алайда бұл қысқа мерзімде ғана болатын көрсеткіш. Өйткені ұзақ мерізміді перспективада қарасақ, біз отандық өндіріске дамуға мүмкіндік бермейміз. Сүт көлемі өсіп жатқан жоқ. Ертең Ресей Үндістан, Алжир, Африка елдері секілді тиімді келісімшарттарды табатын болса, жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Біз құрғақ сүтке тәуелді болдық, тәуелді болып қаламыз. Бұған қоса Ресей шикі сүтті молынан ұсынып отыр. Олар шикізатты солтүстік өңірлерге жеткізіп жатыр. Ал біздің фермерлер сүт бағасы бойынша көрші елмен бәсекелесуге дайын емес. Нарық жағдайында біздің фермерлер бәсекеге қабілетті емес», – деді Сәуле Жанкина.

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2025 жылдан бастап елде шикізат сапасына қойылатын талаптар қатаңдатылатынын, сондықтан ірі қараға жем-шөп базасы мен олардың жай-күйінің маңызы зор екенін атап өтті.

«Облыс бойынша ірі қара мал саны 646 мың басты құрайды, оның 260 мыңы сүтті бағытта. Өңірде асыл тұқымды сүтті мал шаруашылығын 13 кәсіпорын ұсынады. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сүтті бағыттағы асыл тұқымды малдың саны 1496 басты құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110%-ды құрады. 1 шілдедегі жағдай бойынша сүт өндірісі 216 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс 1,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, сүт өндірісінің өсуі Абай мен Бұқар жырау аудандарын қоспағанда, өңірдің барлық ауданымен қамтамасыз етілген. Кейінгі кезде сүт өндірісі төмендеп келеді», – деп атап өтті Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Тюлюбеков.

Шаруа және фермер қожалықтары сүт көлемінің ұлғаюына 4.3%-ға қол жеткізді. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында сүт өндірісін 24.6%-ға төмендеген. Сүт өндірудегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі  – 1.5 %, фермерліктерде – 46.4 %, ал жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесі 52.1%-ды құрайды. Шикізат тапшылығы – басты проблемаларының бірі, Өйткені қосалқы шаруашылықтар сүт өндіруді жыл он екі ай емес тек маусымдық түрде қамтамасыз етеді.

Мәселені шешудің бір жолы – сүттің сүт қабылдау пунктеріне өткізу. Обылста сүт қабылдайтын 9 пункт бар. Жыл сайын қолдан 30 мың тонна сүт қабылданады. Тағы 3 қабылдау пунктін ашу жоспарланған. Сонымен қатара 8400 басқа шақталған тауалыұ 40 ферма бар. Облыста сүтті қайта өңдейтін 4 кәсіпорын бар. Қуаты – 74 000 тонна шикізат өндіру. Жүктеме шамамен 63 пайызды құрайды. Ал қыс мезгілінде жкұтеме 15-20 пайызға төмендейді.

АӨК комитеті жиынында жағдайды реттеуге оң әсер ететін және өңірдегі шикі сүт өндірісін ұлғайтатын бірқатар шара айтылды. Мысалы, кейінгі үш жылда шикізат мәселесін шешу үшін өңірде асыл тұқымды сүтті  малдан 600-ге жуық бас сатып алынды. Ал 2024 жылдан бастап 2025 жылға дейін облыста 3700 басқа арналған бес сүт тауар фермасын құру бойынша бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған. Өңірде өндірілген сүттің сапасы тікелей байланысты болатын жемшөп өндірісіне де көп көңіл бөлу көзделген.

Серіктес жаңалықтары