Бұған дейін аталған орталықтарда тек жұмыс уақыты қысқартылған еді
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес, биыл 21 наурыздан 16 сәуірге дейінгі аралықта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО қызметі карантиндік аймақ ауданында тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.
«Осыған байланысты байланыс-орталығы арқылы «электрондық үкімет» порталымен электрондық мемлекеттік қызметтерді қашықтынтан алу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беруді қамтамасыз ету қажет», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 22 наурызға дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында- 1 адам анықталды.