30.07.2023, 10:38
Қоғам
«Алтын адам» Париждегі Лувр музейінде көрмеге қойылады
2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесі ұйымдастырылады
2026 жылға жоспарлаған Луврдағы қазақ өнерінің көрмесі аясында «Алтын адам» тарихи жәдігері келушілердің назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Алтын адам» – Қазақстанның ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Бұған дейін аталған жәдігерді халықаралық деңгейде ұлттық брендке айналдыру мақсатында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы әлемнің 12 мемлекетінде жүзеге асты. 2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесін ұйымдастыру аясында «Алтын адам» мен музейдегі тарихи құндылығы бар заттар жәдігерлерді іріктеу комиссиясына ұсынылады», - делінген Ұлттық музейдің жауабында.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды