Сауд Арабиясы атақты Bayraktar-дың 100% акциясын сатып алмақ
Түркия мен ең ірі жеке ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндіруші компания бұл ақпаратқа қатысты еш түсініктеме берген жоқ
Сауд Арабиясы Түркияға әскери дрондар шығаратын Baykar компаниясының 100% акциясын сатып алуды ұсынды, Azattyq ruhy Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.
Агенттік дерегінше Сауд Арабиясы күтпеген жерден Baykar компаниясын сатып алуға қызығушылық танытқан. Бірақ атақты әскери дрондар шығаратын кәсіпорын акцияларының 40%-ынан астамын сатуды жоспарламайтынын мәлімдеген.
Түркия мен ең ірі жеке ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндіруші компания бұл ақпаратқа қатысты еш түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін Түркия Президентінің Сауд Арабиясына сапары кезінде Baykar аталған елмен құны 3 млрд доллардан асатын шабуылдаушы ұшқышсыз қалықтайтын аппараттарды жеткізу туралы келісімге қол қойды. Бұл Түркия үшін әскери-өнеркәсіп саласындағы ең ірі бір реттік экспорттық келісімшарт.
БАҚ мәліметінше, аталған ұсыныс дәл осы сапар кезінде жасалған.
Еске сала кетсек, Bayraktar – Түркияда шығарылатын оперативті-тактикалық әскери шабуылдарға арналған орта биіктікте ұшқышсыз ұшатын аппарат.