$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2023, 13:46
Қоғам

Павлодар облысының шекарасы өзгерді

Курчатов қаласы Абай облысына берілді

Павлодар облысының шекарасы өзгерді
Фото: e-history.kz

Курчатов қаласы Абай облысына берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекаралары өзгертіліп, Абай облысының шекаралары белгіленді. Құжатқа ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Ресми түрде Павлодар облысының аумағына кірген Курчатов қаласы Абай облысына берілді. Курчатов қаласының жалпы аумағы 11 мың гектарды құрайды. 

«Тарихи тұрғыдан алғанда, 1997 жылы Семей облысы таратылған кезде Курчатов Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінің бағынышына берілген, алайда заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті құжаттаманы жүргізбеу салдарынан ол Павлодар облысының жерлерінде аумақтық түрде қалды», – деп хабарлады Абай облысының әкімдігінде.

Еске сала кетейік, Павлодар облыстық мәслихатының II кезектен тыс сессиясында Үкіметке облыстың шекарасы өзгерту туралы ұсыныс енгізу мәселесі қаралған болатын. Депутаттар  Курчатов қаласын  Абай облысына берілуіне  бірауыздан дауыс берген еді.

Серіктес жаңалықтары