Полиция жанкүйерлер арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді
Жанкүйерлер арасындағы жанжал 20:30-да болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«27 шілдеде Шымкенттегі Қажымұхан атындағы стадионда «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) және «Легия» (Польша) командалары арасында футболдан жарыс өтті. Ойын басталар алдында сағат 20.30 шамасында командалардың жанкүйерлері арасында ауызша ерегіс болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлер дер кезінде әрекет етті. Нәтижесінде жанжал болған жоқ. Бұзақылық әрекеттерге жол берілмеді», - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Ордабасы» мен «Легия» арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды. Кезекті кездесу 4 тамызда «Легия» стадионында өтеді.