$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2023, 00:11
Қоғам

Қызылжарда мектеп мұғалімі балаларға теріс ағымды насихаттаған

Тінту кезінде мұғалімнің жеке заттарының арасынан діни бағыттағы оқулықтар тәркіленді

Қызылжарда мектеп мұғалімі балаларға теріс ағымды насихаттаған
Фото ашық дереккөзден

Қызылжарда мектеп мұғалімі балаларға теріс ағымды насихаттаған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 Әбу Досмағанбетов атындағы мектеп интернатындағы ағылшын тілі мұғалімінің атына белгісіз біреуден шағым түсіп, сала мамандары мектепті бақылауға алған. Белгілі болғандай 28 жасар ұстаз 11-сынып оқушыларына тәрбие сағатында діни сабақтар жүргізген. Ал жиындарды әдейі бейнекамерадан тыс жерлерде ұйымдастырып отырған. Құзырлы органдар ескертусіз келіп, осындай сабақтардың біріне тап болған. Тінту кезінде мұғалімнің жеке заттарының арасынан діни бағыттағы оқулықтар тәркіленді. Аталған мұғалім бұл әрекеті үшін тек айыппұлмен ғана жазаланды. Ал қоластындағы қызметкерлердің ісінен бейхабар болып шыққан мектеп директоры ағылшын тілі мұғалімінің әзірге жұмыстан шығарылмағанын хабарлады.

 «Мұғалім ретінде осы үш жылда ешқандай теріс әрекет байқалған жоқ. Бәрі мұғалімнің артынан қалай жүресіздер. Ол кісі қазір еңбек демалысында. Келгеннен кейін педагогиканың этика комиссиясына салып, жұмыстан шығарамыз», - деді Ә.Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернатының директоры Ержанат Бакиров.

 «Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды», - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Серіктес жаңалықтары